Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТаразда психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен емделуші автобус жүргізушісін пышақтап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Жарақат алған азаматқа шұғыл ота жасалған. Жол ақысын сұраған қоғамдық көлік жүргізушісінің иық тұсына жолаушы пышақ сұғып, із суытқан.
Қолында суық қаруы бар 33 жастағы күдіктіні полицейлер жеті күннен бері жер-көктен іздеп таппай жатыр. Тәртіп сақшылардың дерегінше, азамат 2010 жылдан бері облыстық психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған. Бірақ мұндағы мамандар оның жеке бас дерегін жариялай алмайтындарын айтады.
Бір анығы іздеудегі азаматтың мекенжайын айтқан адамға Ішкі істер органы қызметкерлерінің қаржылай сүйіншісі бар. Ол табылғанша тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.
Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысты күдікті 33 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктіні іздестіру іс шаралары жалғасып жатыр, – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?