28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТаразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушыны қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұстады.
Полиция аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады.
Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?