Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТаразда полицейлер жолдың ортасында төңкерілген мүгедектер арбасын, ал жанында қарт адам мен итті байқаған. Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейнеткер жасанды кедергілерден өте алмай, аударылып қалған. Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырды.
Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпады. Алайда оқиға сәтті аяқталды.
Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз - атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған болатын, - Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім
Қазіргі уақытта ата мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді