Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТаразда қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 қазанда Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар қапты анықтады.
Қаптан МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер