Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТаразда дәмханалардың бірінде пышақ ұстаған ер адам күзетшімен жанжалдасқан. Полиция қызметкері бұзақыны тоқтатып, қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталған.
Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді. Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады