18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
«Менделеев сыныптары» жобасы М .Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының химия саласы үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде химия мен математиканы оқыту деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру 3 бағыт бойынша, яғни білім-ғылым-өндіріс бойынша жүзеге аспақ.
"Менделеев сыныптары" білім беру жобасы жалпы білім беретін мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған және химия мен математика бойынша оқу бағдарламаларын тереңдетіп оқытуды көздейді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр