19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері төбелесіп, соңы кісі өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға жұма күні таңертең қонақүй маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан құлағаны анық байқалады. Соққыға жығылған адамжедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені белгілі болды. Ал ұрған ер адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы екен. Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған.
Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары да, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, қаза болған подполковниктің артында алты баласы әкесіз қалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары