22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық жаттығуларды өткізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі оқу-жаттығу Тараз қаласы, Төле би көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өтті. Өрт - тактикалық оқу-жаттығулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі іске асыратын қауіпсіздік шараларын одан әрі арттыру бағдарламасы шеңберінде өткізіледі. Осылайша, оқу-жаттығуға 40 адам жеке құрам және 9 бірлік техника (қаланың өрт сөндіру бөлімдері, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы, Өрт сөндіру кезекші қызметі, Тараз қаласының ТЖ басқармасы) жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің басшылығы, бөлімше бастықтары және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де қатысты.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу барысында көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру кезінде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сонымен қатар, Тараз қаласы ТЖ басқармасының мамандары халық арасында профилактикалық жұмыстар және тақырыптық оқыту бағытындағы сұхбаттасулар жүргізді, - деп жазылған министрліктің мәліметінде.
Осы ретте ТЖМ Тараз қаласының тұрғындарынан тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев