29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТаразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды. Тағы үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, денесінің 30 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оның баласы 15 пайыз жарақатпен палатада ем қабылдап жатыр.
Зардап шеккен үшінші науқас – өрт сөндіруші. Төтенше жағдайлар қызметкері құтқару кезінде жеңіл күйік алған. Айта кетейік, оқыс оқиға төртінші қабаттағы пәтерде болды. Өртті сөндіруге 50 -ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылды.
Өрт болған кезде үйдің 50 тұрғыны далаға шығарылды. Оның 20-сы бала. Оқиға орнында 1981 жылы туған ер адамның денесі табылды. Қазір оқиғаның себеп-салдары мен шығын көлемі анықталып жатыр, - деді облыстық ТЖД ресми өкілі Карина Карташова.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек