20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТараздағы Достық үйінде Журналистер клубының кезекті отырысы өтті.
Клубтың екінші отырысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы Жақсылық Жасөркен Берікұлы модератор болды.
Күн тәртібінде белгіленген мәселелер қатары бойынша облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Утепова облыстық ассамблеяның журналистер клубының жыл бойы атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Жиында ұсынылған күн тәртібі бойынша, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ өкілдерінің жұмыс барысында туындаған мәселелері мен ұсыныстары талқыланды. Сонымен бірге, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының жетекшісі қайта тағайындалып, клуб мүшелерінің құрамын жаңарту мәселелері қаралды.
Мемлекеттік этносаясаттың маңыздылығын жүзеге асырып, ҚХА ақпараттарын кеңінен жариялап отырған «Ұлы шаңырақ» газетіне жазылушылар санын көбейту тәрізді мәселелер де пысықталды.
Жиын соңында облыстық ассамблеяның Журналистер клубын жетекшісі қызметін жауапкершілікпен атқарған Михаил Бунинге қошамет көрсетіліп, Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарын ақпараттандыру, кеңінен насихаттауда аянбай еткен ерен еңбегі үшін марапатқа ие болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?