20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының кәріз-тазарту құрылыстарын салу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқосуға «Жамбыл су» МКК, «Метаг Холдинг» АҚ өкілдері мен бейнеконференция-байланыс режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, «CEST Consulting» ЖШС, «PricewaterhouseCoopers (PwC)» ЖШС өкілдері қатысты.
"Жамбыл су" МКК ақпараты бойынша, қолданыстағы облыс орталығының сүзу алаңдары 1963 жылы іске қосылған, оған тәулігіне 75-80 мың текше метр қалдық су түсуде.
Жергілікті бюджет есебінен 2022 жылы 217,07 гектар алқапта орналасқан қолданыстағы сүзу алқаптарына тағы 20 гектарды құрайтын 12 карта қосылған.
Қазіргі таңда сарқын суларды тазарту мәселелерін шешу үшін жаңа құрылыстың жобасы әзірленуде.
Жобаның қуаттылығы тәулігіне 100 000 текше метрді құрайды.
Аймақ басшысы бұл бағыттағы мәселелерді шешуге кешенді көзқарас қажет екендігін атап өтті.
Кәріз-тазарту құрылыстарын салу жобасы - ең маңызды жобалардың бірі. Оған мүдделі тараптардың жол картасы бекітілді. Біздің ортақ міндетіміз - аталған жол картасы аясында іс-шараларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру, - деді Нұржан Нұржігітов.
Кеңес барысында жобаны қаржыландыру, қалдық суларды тазарту және көлемін азайту бойынша заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?