Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысында 80 млн теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асып отыр.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 22-нен 23 шілдесіне қараған түні Шайқорық станциясында Газель екі автокөлігімеү вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленген. Ұсталғандар кінәсін мойындап,олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді