20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын, екінші топта мүгедектігі бар әйел жүгінген. Жәбірленуші өз шағымында көрші тұратын әйелдің үйіне келіп, жаңа жылдық мерекеге орай мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы алуға телефоннан өтініш беру қажет екендігін айтып, оның ұялы телефонынан бейне сәйкестендіру жүргізгенін, осылайша мүгедек әйелдің сенімін теріс пайдаланып, оның атына тауарлық несие рәсімдегені туралы шағымданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 492 800 теңгені құрайды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері шағымданушының пайдакүнем көршісін, 40 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?