18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған еркін күрестен дәстүрлі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.
Халықаралық турнир үш күнге созылады. Биыл 10 елден келген 200-ден аса айтулы балуандар бақ сынауда. Олардың қатарында АҚШ, Эквадор, Қытай, Словакия, Моңғолия, Грузия,Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және қазақстандық балуандар бар.
АҚШ-тан келген Джордан Барроуз алғашқы айналымда қазақстандық Ерхан Бексұлтановты жеңіп кетті. Американдық балуан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған еді.
Оған қоса 6 дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Жастар арасында Азия чемпионы атанған Ерхан Бексұлтанов тәжірибелі қарсыласына тегеурінді қарсылық көрсетті.
Турнир үш күнге созылады. Бұл - Біріккен күрес әлемі жарыстар өтікізу күнтізбесіне енген қазақ жеріндегі жалғыз және бірегей ірі турнир.
Ел мақтаныштары еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл турнирға құрметті қонақ ретінде келді. Айта кетейік, былтыр ол аталған турнирде үздіктер қатарынан табылып, көзге түскен болатын.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан спортшылары таэквондодан Катарда өткен турнирде 6 алтын медаль иеленді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр