7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Тараз қаласында жаңа 13 автобус пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, «Smart City Service» компаниясы тарапынан жеткізілген «Golden Dragon» маркалы автобустар төмен еденді, пандустармен, 360 градустағы бейне бақылау камераларымен, жолаушылар ағымын есепке алуға арналған есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
Қоғамдық көліктер аталмыш серіктестік қызмет көрсететін №8 және №56 маршруттарға қойылса, осы бағыттағы 2022 жылғы «Golden Dragon» маркалы автобустар тұрғындар сұранысына байланысты №41 маршрутқа беріледі. Ал №41 маршруттағы «Isuzu SAZ LE60» маркалы автобустар 12 ақпаннан бастап №37 бағытты қайта іске қосады. Аталмыш №37 бағыт облыс орталығына екі ауданнан қосылған елді мекендерге байланысты «Түрксіб» алқабынан бастап, Абай, Байтұрсынов, Лукманов, Арыстан баб, Сыздықов, Д. Бедный, Самарканд, Балуан шолақ, Абай даңғылы, Қонаев, Сейфуллин, Б.Момышұлы, Тәуке хан көшелері арқылы «Дорожник» және «Бектөбе» алқаптарына қатынайтын болады, - делінген мәліметте.
Жалпы 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында 3 жыл көлемінде 200 бірлік автобус алып, қосымша 15 маршрут ашу көзделген болатын. Нәтижесінде 2023 жылы 73, 2024 жылы 155, осылайша жалпы саны 228 автобус жеткізіліп, жоспарланған меже артығымен орындалды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?