Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында Тараз қаласын екі әкімшілік аумаққа бөлу бойынша сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысының сөзінше, облыс орталығын екіге бөлу бойынша Үкімет қаулы қабылдаған. Енді облыстық мәслихатпен бірлесе отырып, нақты шешім шығарылмақ.
Егер облыс орталығында тұрғындар саны 400 мыңнан асатын болса, екі әкімшілік аумақ құрылуы керек. Бұл заң талабы. Тараз қаласын екі ауданға бөлу мәселесі бойынша Үкімет қаулы қабылдаған. Енді мәслихатпен бірлесе шешім шығарамыз да екі әкімшілік ауданға бөлеміз. Біз бұл арқылы көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтің сапасын арттырамыз. Сондықтан бұл өте дұрыс шешім. Оны біз іске асырамыз, - деді Ербол Қарашөкеев.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар