Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде 147 мұғалім артық жұмыс істегенімен, оларға бұл үшін жалақы төленбеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған заңбұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің мереке, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені белгілі болған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы кепілдендірілген, – деп атап өтті прокуратура өкілдері.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін, барлық 147 мұғалімге тиесілі сыйақы мен артық жұмыс ақылары төленді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі