30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПрезидент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин өзін-өзі ұстау мәдениетін арттырып, жаңа қоғамдық этика қағидаттарын қалыптастыру қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарттарының бірі екенін айтты.
Оның пікірінше, ішкі мәдениеті мен берік адамгершілік ұстанымдары қалыптасқан қоғам ғана қазіргі заманның түрлі сын-қатерлеріне төтеп бере алады. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше мән беріп келеді.
Ерлан Карин қоғамдағы көптеген дау-дамайдың азаматтардың мәдениетсіздігі, дарақылығы және әдеп нормаларын сақтамауынан туындайтынын атап өтті.
Оның айтуынша, кикілжіңдердің алдын алудың маңызды жолдарының бірі – жеке бастың мәдениетін дамыту. Бұл өзара сыйластық, адалдық, заңды құрметтеу, тазалық пен тәртіпті сақтау сияқты қарапайым қағидаттардан басталады.
«Ұлт сапасын арттыру, азаматтардың мінез-құлқын өзгерту, жаңа әдеттерді қалыптастыру – бір күндік шаруа емес. Мұндай өзгеріске жалаң үгіт-насихатпен емес, нақты істер арқылы қол жеткізу тиімді», – деді ол.
Осы бағытта елімізде Президенттің тапсырмасымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, білім беру жүйесіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Вандализмге қарсы заң қабылданып, табиғи нысандарды қорғау талаптары күшейтілді. Қоғамдық орындардағы тәртіпке, тазалыққа және жол қауіпсіздігіне қатысты талаптар да қатаңдатылды.
Сонымен қатар көшеде бейәдеп сөз айтуға тыйым салынды. Әлеуметтік желілерде азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау және кемсіту әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылды.
Ерлан Карин жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруда құқықтық тетіктердің де маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі хайп үшін әдепсіз әрекеттерге баратын әлеуметтік желі қолданушыларын және қауіпті пранк ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тартып, мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты ашық ақпарат тарата бастаған.
«Құқық бұзушыларға қатысты мұндай шараларды қолдану өзгелерге сабақ болатыны анық», – деді Ерлан Карин.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды