Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТанымал украиналық әнші Иван Дорн ДНҚ-тест жасатып, оның нәтижесіне таңғалғанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің сөзіне қарағанда, тест оның бойында қазақтың қаны бар екенін көрсеткен. Бұл туралы ол Instagram-да жазды.
Вуаля! Менің ДНҚ-тестім бойымда балқан және қазақтың қаны барын көрсетті. Ол жақтағы туыстарым қашан хабарласады екен деп күтіп жүрмін, - деп жазды әнші.
Өнер иесінің бұл жаңалығы оның қазақстандық тыңдарманын да бейжай қалдырмаған.
«Бәрі түсінікті еді. Қазақстандық әпкеңнен сәлем!», «О, бауырым!», «Мен сіздің Қазақстандағы туысыңыз болуым әбден мүмкін», «Қазақстан сені жақсы көреді», «Ет асып күтіп аламыз», «Сенің жылқының еті мен бешбармақты жақсы көретініңнің себебі түсінікті болды», - деп жазған оқырмандар.
Иван Дорн 1988 жылдың 17 қазанында Ресейдің Челябі қаласында туған. 1990 жылы әкесінің жұмысына байланысты Славутич қаласына (Украина) қоныс аударған.
Он – украиналық әнші, музыкант, көптеген танымал әннің авторы, продюсер, диджей, актер және тележүргізуші.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады