20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАғылшын құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Стюарт Пирстің ұлы — Харли Пирс 21 жасында қайғылы жағдайда қаза болды. Бұл туралы BBC агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Қайғылы оқиға Англияның Глостершир графтығында болған. Полиция мәліметінше, апат кезінде тек бір техника – трактор қатысқан.
Харли Пирс өз ауыл шаруашылығы компаниясын басқарған. Daily Mail басылымының жазуынша, апатқа трактордың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмған.
Айта кетейік, Стюарт Пирс 1987–1999 жылдар аралығында Англия құрамасы сапында 78 матчқа шыққан. Клубтық мансабында ол «Ноттингем Форест», «Вест Хэм», «Ньюкасл» және «Манчестер Сити» командаларының намысын қорғаған. Кейін жастар мен Олимпиада құрамасын жаттықтырған, сондай-ақ 2012 жылы ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?