2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрГабон құрамасының шабуылшысы және Түркияның "Хатайспор" клубының бұрынғы футболшысы Аарон Бупендза Қытайда 11-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Қытайдың Чжэцзян провинциясында тіркелген. Қайғылы жағдайдан кейін Қытай билігі дереу тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алғашында БАҚ-та Бупендзаның ағасымен жанжалдасып қалғаны, содан кейін ағасы оны терезеден итеріп жібергені туралы болжам тараған еді. Алайда, тергеу нәтижесінде бұл мәлімет расталмай, оқиға орнында бөгде адамның араласуы анықталмағаны хабарланды.
28 жастағы футболшы қайтыс болар алдында "Чжэцзян" клубының жаттығуына себепсіз келмей қалған. Команда оның қайда екенін білуге тырысқанымен, онымен байланыс орната алмаған. Аарон Бупендза Қытайға дейін Түркияның "Хатайспор" клубында ойнаған. Ол сондай-ақ Габон ұлттық құрамасының негізгі шабуылшыларының бірі болған.
Қазіргі мәлімет бойынша, футболшы 11-қабаттан құлап кеткен, және бұл оқиға бойынша үш негізгі нұсқа қарастырылған: өз-өзіне қол жұмсау, абайсызда құлап кету немесе қасақана итеру. Алайда соңғы нұсқа бойынша дәлелдер табылмаған. Тергеу нәтижесінде бұл трагедияда бөгде күштің араласуы жоқ екені анықталды. Бұл жағдай футбол әлемінде үлкен қайғыға себеп болды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова