10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДинара Сәтжанның DS’Show бағдарламасына қазақстандық «КешYOU» тобының әр жылдары құрамында болған әншілер жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама барысында олар продюсердің талаптарын, сахна сырларын және әлеуметтік желілердегі хейтке қалай төтеп бергендері туралы ашық айтты.
Алайда эфирдің ең есте қаларлық сәті күтпеген оқиғамен байланысты болды, топтың бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш тікелей эфирде құлап қалды. Ол жүргізуші Динара Сәтжан ұсынған шағын би сайысында өз шеберлігін көрсетпек болды. Әнші көзі байлаулы күйде жоғары өкшелі аяқ киіммен билеп жүріп, баспалдақтан сырғып кетіп, құлап түсті.
Бағдарламаның толық нұсқасы интернетте жарияланған жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді