19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?АҚШ-та танымал емес стример Клифф Сэвидж 35 мыңнан астам үміткерді басып озып, Grand Theft Auto VI (GTA VI) ойынын зерттеуші қызметіне қабылданды. Оның жылдық жалақысы 100 мың доллардан асады. Бұл туралы Life Bloomberg басылымы жазды.
Калифорнияда тұратын 36 жастағы геймердің негізгі міндеті – GTA VI ойынының сюжеттік желісін тікелей эфирде ойнап, оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы тұрақты есеп дайындау. Сонымен қатар жұмыс беруші оған тамақ жеткізу қызметіне тапсырыс беру үшін қосымша қаражат бөлген.
Стримерді жұмысқа алған Kalshi компаниясының мәліметінше, бос орынға миллиондаған жазылушысы бар танымал контент жасаушылар да өтініш берген. Алайда компания ойынды бейтарап бағалай алатын үміткерге басымдық берген.
«Бізге ойын процесін объективті бағалап, оның ерекшеліктерін түсіне алатын адам қажет. Егер бұл әлемдегі ең ірі ойын болса, оның не себепті соншалықты танымал екенін анықтау маңызды», – деді Kalshi компаниясының даму тобының өкілі Салман Сохани.
Клифф Сэвидж өз жетістігінің басты себебі ретінде тұрақтылықты атады. Бұрын ол тікелей эфирге жүйесіз шығып жүрген. Кейін көрермендер үшін нақты кестенің маңызды екенін түсініп, 2025 жылдан бастап күн сайын стрим жүргізуге көшкен.
GTA VI шыққаннан кейінгі алғашқы трансляциясы жеті сағатқа созылып, шамамен екі мың қаралым жинаған. Стример эфир кезінде Kalshi логотипі бар PlayStation 5 консолін пайдаланған. Компания оған пицца, түрлі тіскебасарлар мен сусындар жіберген. Ал еңбек келісімшартына қатысты құжаттар түн ортасынан кейін, тікелей эфир жүріп жатқан кезде келген.
Айта кетейік, GTA VI ойыны 19 қарашада жарық көрді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ойынға 32,5 миллион алдын ала тапсырыс берілген. Ал сатылымның алғашқы тәулігінде түскен табыс 3,79 миллиард долларға жеткен.
Бұл көрсеткіш ойын-сауық индустриясындағы рекорд ретінде аталып отыр. GTA VI алғашқы тәуліктегі табысы бойынша 2013 жылы шыққан GTA V ойынының нәтижесінен шамамен бес есе асып түскен.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары