Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКарьерасын аяқтаған танымал американдық кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер үш жасар немересіне Рождествоға ерекше сыйлық табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былғары қолғап шебері немересіне өмір бойына жететіндей етіп 20 миллион долларға тосынсый жасады.
Әлемдегі ең бай спортшылардың бірі бүлдіршінге Нью-Йорктегі ең қымбат аудандардың бірі – Манхэттеннен жылжымайтын мүлік сыйлады.
Мейвезер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, бұл сыйлықты немересінің қалай қабылдағанын көпшілікке көрсетті.
Саған не сыйлайтынымды білесің бе? Сен Нью-Йорктегі Diamond District-те ғимараты бар алғашқы баласың. Мен саған ғимарат сатып алдым, - деді Флойд.
TMZ Sports мәліметінше, жылжымайтын мүлік 47-көшенің бұрышындағы алтыншы авенюде орналасқан. Ғимарат ішінде түрлі кеңселер, алмаз биржасы мен қомақты табыс әкелетін жарнама баннері бар.
47 жастағы Флойд Мейвезер кәсіпқой шаршы алаңда 50 кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен. Ол рингке соңғы рет 2017 жылы шықты.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер