Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыГерманиялық блогер Алисия Восграу жануарларға қатыгездік көрсетті деген күдікпен тергеуге алынып, әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушыдан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
TikTok-та 1,5 млн, Instagram-да 450 мың және YouTube-та 230 мың аудиториясы бар 27 жастағы автор қоғамның қатаң сынына қалды.
Оқиға тамыз айында басталған. Шлезвиг-Гольштейн аймағындағы жануарларды қорғаушылар Нордерштедт қаласы маңындағы орманда төрт үй қоянының жүргенін байқап, дереу әрекетке көшкен. Олар қояндарды ұстап алуға тырысқанымен, біреуі иттің шабуылынан қаза тапқан. Қалған үшеуі жергілікті жануарлар үйіне жеткізілген.
Иесін анықтау барысында қояндардың Восграудың видеоларында көрінетін үй жануарларымен толық сәйкес келетіні анықталған. Тергеу жүргізілген кезде блогер өзі мойындады: балаларға арнап баққан қояндарының күтімінен бас тартып, күйеуімен бірге орманға апарып, босатып жібергенін айтқан.
Алисия Восграуға жануарларға қатыгездік жасады деген бап бойынша 25 000 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді