20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"Құрмет” орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Батырқызы Қыдырниязованың дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыдырниязова Шолпан 1949 жылы 6 мамырда Қаратөбе ауданы Қаракөл аулында дүниеге келген.
1956-1966 жылдар аралығында Алакөл бастауыш, Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектептерінде оқып, білім алды. Кейін Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді.
1967-1971 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алды.1971-1976 жылдарда Қаратөбе ауданы Шөптікөл сегізжылдық мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
1976-1983 жылдары «Еңбек туы» газетінде радиохабар ұйымдастырушы тілші, жауапты хатшы, 1983-1993 жылдары халық депутаттары аудандық кеңес атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, төраға орынбасары, аудан әкімі орынбасары міндеттерін атқарды, бірнеше рет аудандық кеңеске депутаттыққа сайланған.
2004-2008 жылдары жаңадан ашылған Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып қызмет атқарды Республикалық екінші ақындар айтысында бірінші орынға ие болып, 1980 жылы «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленген.
«Қазақстан Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан мәслихатына - 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы».
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?