Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘнші Тамара Асар "Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медальмен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марапатты беру туралы шешімді Атырау облысы ардагерлер кеңесі қабылдаған.
Мені "Батыр қыз" деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, Ата-Анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы! Алдыңғы буын ағалар құрметтеріңізге үлкен мың алғыс! Атырауым, бас идім. Рахмет сенімдеріңізге!, – деп жазды әнші.
Әншіні өнердегі әріптестері мен жақындары құттықтап жатыр. Ал жері қолданушыларының көпшілігі мұндай марапатты әншілерге беру қаншалықты дұрыс екенін айтып, талқылап жатыр.
"Ауылда көп бала асырап, халқына ерен еңбегімен лайықты каншама нағыз ер батыр, қаhарман аналар табылмамағаны ма?", "Құтты болсын,бірақ әншіні "Батыр қыз" деп марапаттаған бір түрлі екен", "Қан майданда қан кешкен батырмен сахнада ән айтқан әншіні теңестіріп отыр ма?", - деп жазып жатыр жеоі қолданушылары.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді