30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОсыдан бірер күн бұрын танымал әнші Кеңес Әлімжан Таразға тойға бара жатып жол апатына ұшырағаны туралы жазғанбыз. Енді өнер иесінің өзі алаңдаушылық білдірген барша жанға алғысын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы, аман-есенбіз. Темір өз орнына келер, - деді ол.
Эстрада жұлдызы жол апатына дұрыс ұйықтамауы себеп болғанын айтты.
Уақытлы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар, - деді Кеңес Әлімжан.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды