10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал американдық әнші Мэрайя Кэри бір күнде анасы Патрисия мен туған әпкесі Элисоннан айырылды. Қайғылы оқиға туралы TMZ басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күні анамнан көз жазып қалдық, жүрегім тілім-тілім болды. Өкінішке қарай, сол күні әпкем де бақилыққа аттанды, - деді 55 жастағы өнер иесі.
Әншінің сөзіне қарағанда, ол соңғы уақытта хал үстінде жатқан анасының жанында болған.
Соңғы бір аптада анамның қасында болдым, сол үшін де бақыттымын, - деп қосты ол.
Дегенмен Кэри екеуінің өліміне не себеп болғанын ашып айтпаған.
Басылым Мэрайя Кэридің анасымен қарым-қатынасы қиын болғанын алға тартады. Әнші бұл туралы өзінің кітабында да жазған. Сөйте тұра ол анасына алғысы шексіз екенін де жеткізген.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді