10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТұрмыс құрып, сахнадан көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйел адамға жұмсақтық тек мінезіне, табиғатына ғана емес, тәніне де жарасқан. Созылу амплитудасының жоғары болуы – дене жастығының бір көрсеткіші. Бізді нағыз әйел ететін, ол – гормондарымыз. Бір ғана фактор: стресстің өзі ағзамызға, соның ішінде гормондарымызға үлкен зиянын тигізеді. Содан неше түрлі аурулар туады. Осындай мәселелерді шешу үшін әйелдер гормоналды йогасының маманы атандым. Аллаға шүкір! Ендігі мақсатым – білімді басқа да денсаулыққа қатысты жаттығулармен дамыту. Әйел адамдарға көмектесіп, қызмет еткім келеді, – деп жазды әнші.
Сонымен қатар, эстрада жұлдызы психология саласына да бет бұрған көрінеді.
Психология саласы – өмірімдегі келесі қадам. Жаңа саяхат, жаңа білім, жаңа зерттеу. Ең бастысы – өзімді тану. Сол арқылы Алланы танығым келеді. Менде ниет пен талпыныс бар. Нәтижені Жаратқанға тапсырдым, – дейді Кәмшат Жолдыбаева.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді