Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекAlmaty Arena-да аты әлемге әйгілі әнші, The Pussycat Dolls тобының бас вокалисі Николь Шерзингер концертін дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақ жеріне үлкен тур аясында келген әнші қонақүй терезесінен көрінген тауға тамсанып, өз оқырмандарына шыңын қар басқан Алатауды көрсетті.
Айта кету керек, Шерзингердің Instagram әлеуметтік желісінде 6,5 млн оқырманы бар.
Қазақстанға жеткенім жаңа ғана. Уақыт таңғы 5-тер шамасы. Қобалжып тұрмын. Осы жерде тұру – мен үшін үлкен абырой. Шынымды айтсам, Қазақстаннан кеткім келмей қалды! - деп тыңдарманымен ойын бөлісті ол.
Гавайиде дүниеге келген талантты әнші шығармашылық жолын Eden`s Crush тобының мүшесі ретінде бастады. Бірақ оған нағыз танымалдылық The Pussycat Dolls тобының вокалисі болғанда келді. Топ Don’t`cha, Buttons, When I grow up хиттері арқылы тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленген.
Сондай-ақ Николь Эндрю Ллойд Уэббердің Cats мюзиклында басты рөлдердің бірін сомдап, танымал The X Factor телевизиялық шоуының қазылар алқасында төрелік етті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?