Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОңтүстік Кореяның болашағынан зор үміт күттірген актрисасы Ким Сэ Рон Сеулдегі өз үйінен өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі небәрі 24 жаста еді.
Ким Сэ Ронның денесін қонаққа барған досы тауып алған. Yonhap мәліметінше, полиция оқиға орнында күмәнді жайттар таппаған.
Қазіргі уақытта біз кісі өлтіру белгілерін таппадық, бірақ тергеу жалғасуда, - деп мәлімдеген полиция өкілдері.
Полиция жас актрисаның өлімі туралы істі тергеп жатқанда, желіде оның суицид жасағаны туралы болжам таралуда.
Ким Сэ Рон Оңтүстік Кореядағы ең әлеуетті актрисалардың бірінен саналған. Ол кино әлеміне бала кезінде келген. Ол бала кезінен кино мен телехикаяларда ойнады.
Алайда, 2022 жылдан бастап ол экраннан көрінбей кетті. Себебі актриса мас күйде көлік айдағаны үшін ұсталып, 20 миллион вон айыппұл төлеген. Бұл жайт БАҚ беттерінде қызу талқыланып, Ким Сэ Рон мансабында ұзіліс алды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?