28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарРесейлік БАҚ актер Гоша Куценконың көлігінің жүксалғышынан әйелдің мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Shot Telegram-арнасының жазуынша, пышақталған әйелдің денесі жатқан Гоша Куценконың көлігі Мәскеудегі Кутузов даңғылындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған.
Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы Қазан қаласының тұрғыны Альберт Абдуллин ұсталған. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені, ұрлық жасағаны, билік өкілін балағаттағаны және қоқан-лоқы көрсеткені, денсаулыққа қасақаны зиян келтіргені үшін сотталған. Қазір «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Іс прокуратураның жеке бақылауында.
Кейбір дереккөздер күдікті әйелге 12 рет пышақ сұққанын алға тартқан. Ол мас күйде әйелмен жанжалдасып қалған. Кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен.
БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гоша Куценко «Запорожец» көлігін 2019 жылы өзінің туған қаласы Запорожьенің құрметіне арнап сатып алған. Тұрғындар актердің темір тұлпарымен Мәскеу көшелерімен серуендеп жүргенін жиі көреді екен. Өнер иесі ашық көк түсті әдейі таңдаған көрінеді, себебі ол өзге адамдардың көңіл күйін көтереді деп топшылаған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?