Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық танымал актер Мейірғат Амангелдиннің екінші баласы дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалықпен өнер иесінің жары Арайлым Амангелдина әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арайлым Амангелдина Instagram желісінде күйеуі мен ұлының перзентханада түскен суретін жариялап, сүйінші сұрады.
Сүйінші! 04.01.24 өмірге ұлымыз келді. Ғұмырлы ет, денін сау ет, саналы ет, жаратқан, - деп жазды ол.
Сондай-ақ актердің жары нәрестеге қандай есім бергендерін де айтты.
Мейірғаттың кинодағы алғашқы рөлі «Қазақ хандығы» филімінен бастау алғанын көбіңіз білесіздер ғой. Сол кезде ұлым болса, Қасымхан қоямын деген ниеті болған. Сол ниеттің қабыл болған бақытты сәті бүгін. Алла сағындырып, арман етіп, баланың қадірін ұғындырып берген ұлымыз – Қасымхан Мейірғатұлы. Үйіне аман-есен келді, - дейді Арайлым Амангелдина.
Еске сала кетсек, Мейірғат Амангелдин мен Арайлым Амангелдинаның ұлынан басқа үйдің тұңғышы, қызы бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді