6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТаңғы асты ішпеу немесе кешкі ас ішуді тым кешке қалдыру әдеті остеопороз бен онымен байланысты сүйек сынуының даму ықтималдығын арттырады. Мұндай қорытындыға Жапониядағы Нара медициналық университетінің ғалымдары 927 мың ересек адамның деректерін талдау арқылы келген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл зерттеу нәтижелері Journal of the Endocrine Society журналында жарияланды.
Остеопороз – сүйектердің морт сынуына және әлсіз болып қалуына әкелетін созылмалы ауру. Әдетте оған аз қимылдау, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну факторлары қауіп тудырады. Алайда жаңа зерттеу тамақтану тәртібін бұзу да сүйек тінінің әлсіреуіне ықпал ететінін көрсетті.
Ғалымдар байқағандай, таңғы асты ішпеу немесе тым кеш ас ішу көбінесе басқа да зиянды әдеттермен қатар жүрген: қимылсыз өмір салты, темекі шегу және ұйқының жеткіліксіздігі. Бұл факторлардың жиынтығы жамбас, білек, омыртқа және иық сүйектерінің сыну қаупін күшейтті.
Зерттеу авторларының айтуынша, остеопороздың алдын алу үшін тек кальцийге бай тағамдарды тұтыну жеткіліксіз. Маңыздысы – дұрыс тамақтану және салауатты күн тәртібін сақтау. Осындай кешенді тәсіл сүйек беріктігін сақтап, жас ұлғайған шақта болатын зақымданулардың алдын алуға көмектеседі.
Ал тез тамақтанудың ағзаға тигізер зардабы туралы мына сілтеме арқылы оқыңыздар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі