Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКейбіреулер үшін таңертең лимон қосылған су ішу – денсаулыққа пайдасы зор әдетке айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Vogue журналына берген сұхбатында диетолог Лаура Парада лимонды судың ағзаға нақты пайдасын түсіндіріп берді.
Бұл сусынның нақты рецепті жоқ, бірақ диетологтың кеңесі бойынша, жарты лимонның шырынын шамамен 200 мл жылы суға қосу жеткілікті. Ескеретін жайт – су жылы болуы керек. Өйткені дене температурасына жақын сұйықтық ағзаға жылдам сіңеді.
Алайда, бұл пайдалы сусынның жағымсыз әсерлері де болуы мүмкін. Егер сіз қыжылға бейім болсаңыз, лимонды судан бас тартқаныңыз немесе лимон мөлшерін азайтып, толық стакан суға араластырғаныңыз жөн.
1-себеп: Ас қорыту процесін іске қосады
Диетологтың айтуынша, таңертең аш қарынға лимон суын ішу ас қорыту жүйесін белсендіреді.
2-себеп: Иммунитетті күшейтеді
Лимон – С дәруменіне өте бай. Сонымен қатар, оның құрамында В тобының дәрумендері, кальций, темір, магний, калий және ферменттер бар. Бұл иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.
3-себеп: Тері жағдайын жақсартады
Лимон құрамындағы антиоксиданттар бос радикалдардың зиянынан қорғай отырып, терінің саулығын сақтауға көмектеседі.
4-себеп: Ағзаны ылғалдандырады
Таңертеңгі уақытта аш қарынға су ішу – метаболизмді белсендіру мен түнгі сусызданудан кейін ағзаны қалпына келтірудің тиімді жолы.
5-себеп: Ішек жұмысын жақсартады
Лимон суы тоқ ішекті ылғалдандырып, ішек транзитін жақсартады. Бұл іш қатуға бейім жандар үшін пайдалы.
6-себеп: Темірдің сіңуіне көмектеседі
Әсіресе темірге бай жасыл жапырақты көкөністер мен бұршақ дақылдарымен бірге тұтынылса, С дәрумені темірдің ағзада оңай сіңуіне ықпал етеді.
Бұған дейін қантсыз бір апта ағзаны қалай тазартуға болатыны туралы жазған едік.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?