19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Блогер, актриса әрі тележүргізуші Әсел Асқар әлеуметтік желіде видео салып, көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің ұлы анасына сыйлық жасау үшін көптен бері ақша жинап жүргенін айтқан.
Шамамен 6-7 ай бойы ақша жинап жүрмін. Анам үшін жинадым, 250-300 мың теңгедей шығар, бәлкім одан да көп не аз болуы мүмкін. Бүгін анама қалаған затын алып бергім келеді, - деді ол.
Жиналған ақшасы 110 мың теңге шыққан баланың көңіл күйі аздап түскенімен, бұл қаражатқа ол анасы мен әжесіне сыйлық жасады.
Жасөспірімнің әрекеті оқырманның көңілін елжіретіп, Әсел ұлына жақсы тәрбие бергенін жазып жатыр.
«Баланы емес, өзіңді тәрбиеле деген осы. Сіз үнемі анаңызды түрлі сыйлық жасайсыз, соны көріп өскен Арыстан сіздің әрекетіңізді қайталады», «Көзіме жас келді», «Таң атпай адамды жылатып. Нағыз азамат», «Тек бақыттан ғана жылайық», - деп жазып жатыр оқырман.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары