20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТамара Дүйсенова БҚО-да тұтас ауылды біріктірген ауыл шаруашылығы кооперативін құрудың табысты тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарында Қаратөбе ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперациясының табысты тәжірибесімен танысты.
Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылындағы 227 ауланың барлығы «Жеңіс Ерхан» кооперативіне бірігіп, өз өндірісін дамытуда.
Мемлекеттік қолдау шаралары фермерлерге 200 сүтті сиыр мен 900-ге жуық қой сатып алуға мүмкіндік берді. Биыл кооператив техниканы лизинг арқылы жаңартқан.
Қазір фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді бірлесіп дамытуда. Қоскөл ауылында өндірілген сүт және ет өнімдері жергілікті нарықта үлкен сұранысқа ие.
Тамар Дүйсеноваға тауарлы-сүт фермасын одан әрі кеңейту үшін құрылыс жұмысы басталғанын хабарлады.
Вице-премьер ауыл шаруашылығы кооперациясының тиімді тәжірибесіне оң баға беріп, БҚО-на «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қосымша 1 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.
Бұл қаражатты мал басын көбейту үшін ғана емес, басқа бағыттарды дамыту үшін де пайдалану қажет екендігі атап өтілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?