Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бірқатар өнер иесіне Халық әртісі атағын табыстады. Олардың арасында Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз.
Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды, - деді президент.
Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Ал ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге айрықша үлес қосып жатқан Иван Сауэрге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
Жоғары мемлекеттік марапаттарды халқымыздың шынайы ықыласы және сый-құрметі деп қабылдаңыздар. Бүгін әрбір облыста жүздеген лайықты азаматымыз менің Жарлығыммен жоғары мемлекеттік наградамен марапатталады. Олардың еңбегіне зор ризашылығымды білдіремін, - деп атап өтті Тоқаев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді