2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) құқығын пайдаланбады. Бұл туралы Жоғарғы сот мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Ермегияев өз жазасының 3/2 бөлігін өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқығы болған. Алайда ол бұл құқықты пайдаланбаған.
Осы уақытқа дейін Ермегияев сот белгілеген 14 жылдың 9 жылын өтеп үлгерді.
Жоғарғы соттың ресми жауабында сотталған Ермегияевтің шартты түрде босату туралы өтініш бермегені айтылған.
«Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіндегі (2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша) мәліметтерге сәйкес, сотталған Т.А. Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш білдірмеген, – деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ж. Мырзабаева.
Сондай-ақ Алматы облыстық сотының мәліметінше, Ермегияев жазасының өтелмеген бөлігін басқа жазаға ауыстыру туралы да өтініш жасамаған.
Естеріңізге сала кетейік, Талғат Ермегияев 2016 жылы аса ірі көлемде пара алғаны және бөтен мүлікті иемденгені үшін сотталған.
Сот оны қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сол кезде сот Ермегияевтің барлық мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова