Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорғанда кәмелетке толмаған қызын өлтірді деп айыпталған ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Карина Дорохинаның денесі 2024 жылдың қаңтарында Текелі тауларынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер қыздың өгей әкесі мен анасын ұстаған болатын. Олар өз кінәсін толық мойындаған.
Сот тергеуі барысында сотталушылардың қылмысты 2023 жылдың күзі (қазан айының басынан қарашаға дейін) аралығында жасағаны анықталды. Ал баланы өлтіру қылмысы 6 қарашада орын алған.
М. (өгей әкесі – ред.) мен Е. (анасы – ред.) кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындылары мен айғақтарымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Сот шешімімен М. өмір бойына бас бостандығынан айырылып, ерекше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді, ал Е. 19 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болды, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Сондай-ақ, сотта кәмелетке толмаған марқұмның өкілі сотталғандардың біріне моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап қойғаны айтылды. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырып, 15 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?