Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорған қаласы прокуратурасы бастамасымен жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР АШМ ЖРБК Жетісу облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің Жер кодексін бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, 35,4 гектар аумақты алып жатқан орман қорының жерлері заңсыз түрде жеке меншікке берілген. Жерлер Талдықорған қаласының саябақ аймағында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер кодексін бұзу фактісі анықталғандықтан, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талдықорған қаласы әкімдігінің жер учаскесін беру туралы қаулысын күшін жою туралы шешім шығарды. Аталған жер учаскелерімен байланысты сатып алу-сату, сыйға тарту және мұрагерлік құқығы туралы куәліктің барлығы жарамсыз деп танылды.
Сот шешіміне қарсы жауап берушілер апелляциялық шағым берді. Жетісу облысының сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді