Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорғанда 14 жастағы Карина Дорохина қарашадан бері із-түссіз кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салады. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйелдің өтірігі шыққан.
Әйел Талдықорғандағы күйеуінің көлік жөндеу орталығында қызымен келіспей, ұрысып қалып, ашумен жіппен қылғындырып өлтіргенін мәлімдеген. Алайда, екінші нұсқасында күйеуінің ұрып өлтіргенін айтқан.
Оқушы қыз қайтыс болған сәтте ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастапты. Олар құқық қорғаушыларды тау бөктеріне апарып, мәйітті көмген жерін көрсеткенмен, қыздың денесі табылмай отыр. Оған себеп, қарашадан бері қар көшкінінің орын алуы.
Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді