Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТалдықорғанда екі қабатты тұрғын үйде табиғи газ жарылып, 7 адам зардап шеккен. Қайғылы оқиға 31 желтоқсанға қараған түні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 07:20 шамасында Талдықорған қаласындағы ауруханаларға зардап шеккен 7 адам түсті. Оның екеуі облыстық ауруханаға, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаға 3 адам, облыстық балалар ауруханасына 2 адам түсті. Бүгінгі күні 4 адамның жағдайы тұрақталып, травматология бөліміне ауыстырылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
2 науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайлары өте ауыр. 52 жастағы науқас қайтыс болған.
Полиция тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау, не қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады,
Тергеу заңнамаға қатаң сәйкес жүргізіледі және оның шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл істі департамент басшылығы ерекше бақылауға алды, - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді