20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорғанда үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Бұған дейін қыздың денесі Текелі тауынан табылғаны жөнінде жазған едік. Қыздың өліміне басты күдікті өгей әкесі мен туған анасы ұсталды.
Қыздың денесіне жасалған сараптама нәтижесі бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтіргені белгілі болды. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастаған. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.
Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, - деп хабарлады жергілікті полициядағы ақпарат көзі Kazinform тілшісіне.
Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?