20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, аталған қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.
2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражат салынғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - делінген мәліметте.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?