20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПатрульдік полицияның рота инспекторы Санат Серікқалиұлы ерлік көрсетіп, Қаратал өзеніне батып бара жатқан баланы аман-есен құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
6 маусымда сағат 15:43 шамасында Санат Серікқалиұлы “Қызыл тас” саяжай қоғамдастығында демалыста жүргенде, көмек сұрап айқайлаған балалардың дауысын естіген. Балалар өзенге қарай нұсқаған, инспектор ойланбастан көмекке ұмтылған. Өзенге жүгіріп барып, бір баланың суға батып бара жатқанын көрген. Судан құтқарылған 11 жастағы жасөспірім демала алмай, көгеріп жатқан. Осы тұста тәртіп сақшысы жылдам әрі батыл әрекет етті. Ол баланы судан шығарып алып, бірден алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.
Тікелей жүрек массажы мен жасанды тыныс беру арқылы инспектор баланың дем алысын қалпына келтірді. Осыдан кейін ол дереу жедел жәрдем шақырған. Бала ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер полиция қызметкерінің дер кезінде, уақтылы көрсеткен кәсіби әрекеті баланың өмірін сақтап қалғанын растады. Санат Серікқалиұлы өзінің бұл әрекетін таң қаларлықтай батырлық емес екенін, кез-келген адамның жасайтын әрекеті ретінде көретінін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?