Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТалдықорғанда өзен жағасынан қару-жарақ салынған қап табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қару-жарақ сақталған жасырын орын облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында анықталды. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды.
5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация тәркіленді. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады, - деді Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.
Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер