Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМектеп оқушыларының дәретханадағы ойыны қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарады. Видеода жоғары сынып оқушылары бір оқушыны дәретханаға кіргізіп, оны қорлап, былапыт сөздер айтып жатқаны көрінеді. Оқиға Абай атындағы мектепте болғаны хабарланып, ата-аналарға балаларына ерекше бақылау жасау керектігі ескертілді.
Талдықорғанның білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі методисі Ұлжанат Жақұбаеваның айтуынша, дәретханада болған оқиғаға қатысты барлық қатысушылар мен олардың ата-аналары анықталған.
Оқушылармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Барлық тараптардың бір-біріне шағымы жоқ. Қазіргі уақытта ақпарат полиция басқармасына жіберілді, – дейді Ұлжанат Жақұбаева.
Оқиғаға кінәлі оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынғаны белгілі болды.
Талдықорған білім басқармасының басшысы Шынар Шәріпбаеваның мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар оқушылар есепке алынып, 9-сынып оқушыларымен арнайы әңгіме жүргізілген. Қазіргі уақытта олардың психологиялық жағдайы тұрақты.
Дүйсенбіден бастап сынып жетекшісі мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары жұмыстан кетеді. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды, – деді Шынар Шәріпбаева.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді