13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТалдықорғандағы кафелердің бірінде болған жаппай төбелестің үш қатысушысы қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полицияға қала орталығындағы ойын-сауық орындарында топпен төбелес болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жанжалға қатысушыларды қалалық кеңсеге жеткізді. Кафе әкімшілігі ресми мәлімдемемен полицияға хабарласты. Төбелеске қатысқан үш адам ұсталып, қамауға алынды, – делінген полиция ұсынған ақпаратта.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі (адамдар тобымен жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынған. Тергеу барысында іске қатысушы әрбір тұлғаның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылдану арқылы тиісті баға беріледі, – деп атап өтті Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Арман Саданов.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды